АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 30 СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 30 СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

 

27.03.2025 жылы сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 30 сессиясының отырысы өтті. Сессия отырысын мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессияға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев қатысып, Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов баяндама жасады.

Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды.

«Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/158-VIII «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.»

«Арыс қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы.»

Алдымен тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты қаралып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Сессияда тиісті шешім жобалары депутаттардың бірауыздан дауыс беруімен бекітілді.

Жиын соңында мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан халық қалаулыларына алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/965298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version