2025 жылғы 30 наурызда Астанада «Spectrum» халықаралық мектебінің базасында беделді «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауы өтті, оған 210 инновациялық жобасы бар 9 елден 600-ге жуық қатысушы мен 100 басшы жиналды.
Қатысушылар өздерінің дағдылары мен дамуын тоғыз бағытта көрсетті:
- AI Programming – Жасанды интеллект бағдарламалау;
AI Hackathon – жасанды интеллект хакатоны;
3. Computer Art – Компьютерлік өнер;
4. Hardware Control – аппараттық құралдарды басқару;
5. Short Movie – қысқа метражды фильмдер;
6. Applied Science – қолданбалы ғылымдар;
7. Arduino Hackathon – Arduino Хакатоны;
8. Lego Relay Race – Лего эстафетасы;
9. Startup Projects – Cтартап жобалары.
Байқау ҚР Білім Министрлігінің, «Дарын» РҒПО және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен ұйымдастырылды, бұл оның Қазақстандағы IT-білім беруді дамыту үшін маңыздылығын көрсетеді.
«Arduino hackathon» номинациясы бойынша 2-ші орын алған Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 10 – сынып оқушылары-Сташков Денис пен Бочкарев Илья үздік нәтижелер көрсетті. Оларды дарынды педагог – информатика пәнінің мұғалімі Е. К. Мурзаканов дайындады.
Марапат ретінде балалар құрметті орынға ие болып қана қоймай, Алматы энергетика және телекоммуникация университетінің грантын жеңіп алды.
«INFOMATRIX-ASIA» байқауы қазақстандық оқушыларды даярлаудың жоғары деңгейін тағы да көрсетті және олардың алдында ғылым мен технологиялар әлемінде жаңа көкжиектер ашты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/966240?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау