Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 наурызда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы депутат Ермек Бәкіровтың төрағалығымен өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы» сұрақ бойынша ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Қыраубаевтың және Булаев қаласының әкімі Азамат Бірімжановтың баяндамалары тыңдалды. Депутаттар сөйлеушілерге ҚТҚ полигонына жолға тас төсеу, кәріз люктерінің қақпақтарының болуы, Булаев қаласының көшелеріндегі жолдарды тегістеу, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру үшін көшеттер мен әк бөлу жөнінде сұрақтар қойды.

Апатты жағдайда тұрған иесіз үйлерге назар аудару және оларды бұзу бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныс айтылды.

Талқылаудан кейін депутаттар осы мәселені сессияның бекітуіне жіберу туралы қаулы қабылдады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mzh/press/news/details/964408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version