Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Ашық есік күні»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 29 наурызда Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін өз есігін айқара ашты. Шара қонақтары мамандықтар, оқу-тәрбие жұмыстары, материалдық-техникалық база, қабылдау ережелері және колледждің басқа да қызметтері туралы толық ақпарат алды.

Студенттер қонақтарды қарсы алып, тіркеуге көмектесіп, экскурсия жүргізді. Колледж мұражайында студенттер оқу орнының тарихымен таныстырып, оның қалыптасуы, дәстүрлері мен жетістіктері туралы ақпарат берді.

Бүгінгі ашық есік аясында шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, талапкерлер оқыту әдістерімен танысып, білім беру үдерісіне тереңірек үңілуге мүмкіндік алды.

Болашақ талапкерлер колледж студенттері дайындаған  концерттік бағдарлама, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі – мұның бәрі ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырып, қонақтарға студенттік өмірмен жақынырақ танысуға жағдай жасады.

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждегі «Ашық есік күні» болашақ талапкерлер үшін педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерін тереңірек түсініп, білім беру үдерісіне еніп, ұйымшыл студенттік қауымның бір бөлігі ретінде сезінуге тамаша мүмкіндік сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/965619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version