2025 жылы 27 наурыз күні Астана қаласы № 103 орта мектеп базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен “Білім беру жүйесінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 20 өңірдің Білім басқармаларының, Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің, Әдістемелік кабинеттердің басшылары және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Кездесу 2 бөлімнен тұрды. 📝 Алғашқы бөлімде білім саласының көптеген проблемалық мәселелері талқыланды. Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері білім сапасындағы көрсеткіштер, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігі, балабақшаларда өткізілетін іс-шараларда балалардың жас ерекшелігінің ескерілуі, балалардың ыстық тамақпен дұрыс қамтылуысұрақтарын қатаң түрде қадағалауға тоқталып өтті. Инклюзивті білім беру бағытындағы нормативті құжаттардың өзгерістеріне, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне, педагогтерді аттестаттаудың жаңа өзгерістеріне тоқталды. “Ұстаз” платформасының толтырылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екінші бөлімде Білім басқармалары мен Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары бас қосты. Ғани Бектайұлы Бейсембаев өңір басшыларына білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша тың ұсыныстар мен шешу жолдарын ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/964743?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау