Бүгін қала аумағында “TazaLike” экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті. Іс-шараға қала әкімі, оның орынбасарлары және әкімдікке қарасты барлық дербес бөлімдердің қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдар қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты – қала тазалығын жақсарту және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында көшелер және аулалар тазартылды.
#tazalike #stepnogorsk #тазалықтысақтайық
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/965315?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау