Бурабай аудандық мәслихатының ХХVIII сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына Бурабай ауданының әкімі Садықов Арай Серікбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінің бірінші негізгі мәселесі бойынша «Бурабай ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс туралы» Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы – Қанат Қуанышпайұлы Бабаев баяндама жасады.

Баяндамашының айтуы бойынша бүгінгі таңда аудан бойынша жағдай тұрақты өзендердегі деңгей төмендейді, алайда су тасқынының екінші кезеңі күтілуде.

Қазіргі уақытта Қаражар ауылы ауданындағы Қайрақты өзеніндегі су өткізу құрылыстарының су өткізу қабілеттілігіне және Киндікқарағай ауылы ауданындағы су өткізу құрылыстарының су өткізу қабілеттілігіне мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар сессия барысында, Бурабай аудандық мәслихатының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешімі мен Бурабай ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы және 2025-2027 жылдарға арналған Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жобалары талқыланып, депутаттар өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап берілді.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы шешім жобасы бойынша 4 шарт жобасы келісіліп, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/965121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version