Жастар бастамаларын дамыту орталығында жастардың құқықтарына арналған «YouthLaw» диалог алаңы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өзекті және маңызды тақырыптарды талқылады: алаяқтық, буллинг, лудомания және сыбайлас жемқорлық.
Спикерлер:
• Байзакова Аслана Сансызбаевна – Павлодар облысы бойынша мәжбүрлеп орындау аймақаралық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы;
• Тукенов Адиль Ерланұлы – Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы;
• Есимханова Әлия Қаратаевна – Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің алдын алу басқармасының өкілі;
• Куклин Дмитрий Викторович – заң кеңесшісі.
Спикерлер өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтарды қорғау жолдары туралы айтып берді.
Қатысушылар көптеген жаңа ақпарат алып, пайдалы мәліметтермен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/964426?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау