Елордалық спортшы Азия чемпионатының финалына шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық палуан Жәмилә Бақбергенова Амман қаласында (Иордания) өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жартылай финалда Жәмилә жапониялық Масако Фуруичиден басым түсті. Бақбергенова қарсыласынан бір ұпайға қалып келе жатқан еді. Алайда белдесудің аяқталуына бір секунд қалғанда нәтижелі әдіс жасап, есепті теңестірді.

Басымдық Жәмиләнің жағында болғандықтан, ол финалға өтті. Қарсылас команда «челлендж» сұратқанымен, төрешілер Жәмиләнің әдісін есепке алды.

Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Астана уақытымен сағат 20:00-де басталатын чемпионаттың қорытынды кезеңі Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/965083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version