Игілікті мамандыққа келу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының мамандары, қызметтегі болашақ кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлді. Кәсіби бағдар беру жұмысының аясында ТЖД өкілдері Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының № 5518 әскери бөліміне барып, онда мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесіп, құтқарушылар қатарында жұмысқа орналасу және конкурсқа қатысу ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу ережелері, Академияны бітірген соң  азаматтық қорғау офицері погоны берілетіндігі жеткізілді

Іс-шара барысында Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының мамандары әскери бөлім сарбаздарының барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның кәсіби психологы азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет ететін сарбаздардың рухын көтеру мақсатында тренинг өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/964866?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version