«Jibek Joly» туристік пойызы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 24 наурызында Басқармамен Тараз теміржол вокзалында «Jibek Joly» туристік пойызының саяхатшыларын ұлттық нақыштағы батырлар мен арулар, тазы ит, бүркіт және фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Тараз – Алматы» бағыты бойынша өткен халықаралық тур аясында Қазақстанның әр өңірінен және Ресейден келген 312 турист Тараз қаласының тарихи-мәдени мұрасымен және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алды.

Туристерге «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі қолөнершілер көрмесі, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Қарахан» және «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелеріне экскурсия өткізілді.

Сонымен қатар қонақтар жылқы және түйе керуенімен серуендеу мүмкіндігіне ие болды.

«Jibek Joly» туристік пойызы саяхатшылары Тараз қаласының бай тарихи мұрасы мен мәдениетінен ерекше әсер алып, ұйымдастыру сапасына ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/964352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version