Көктемдік каникулдық мектеп – 2025 аясында «2025-2026 оқу жылындағы 80 нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау» әдістемелік сағаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемдік каникулдық мектеп – 2025 аясында ШҚО бойынша «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобаға қатысушы 80 мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «2025-2026 оқу жылындағы 80 нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау» әдістемелік сағатын өткізді.

Іс-шара барысында білім беруді басқару және білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу жөніндегі әдістемелік бөлім басшысы К.Т. Байболова нысаналы мектептердің жеке портретінің бөлімдеріне нақты түсініктеме беріп, толықтырды. 80 нысаналы мектептердің негізгі мәселелері анықталып, шешу жолдары ұсынылды.

Әдістемелік сағат соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, 2025-2026 оқу жылына 80 нысаналы мектептің жеке жұмыс жоспарын жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға 150 педагог қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version