Уәлиханов аудандық мәслихатының 27 кезектен тыс сессиясында үш мәселе қаралды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Олжабаев аудан әкімінің «Уәлиханов ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысын депутаттарға жеткізді.
«Уәлиханов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директорының м.а. Л.М.Федотова «Уәлиханов ауданында “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасын орындау туралы» ақпарат ұсынды.
Сессияда аудан әкімдігінің дербес құрамына және кейбір комиссиялар құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Сессияға енгізілген негізгі мәселелер алдын ала тұрақты комиссия отырысында талқыланды.
Сессиядан соң, аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембин белсенді депутаттық қызметтері үшін депутат Бибінұр Топанбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының алғыс хатын және депутат Гүлнар Баймағанбетоваға Қазақстан Халқы Партиясының «Үздік қызметі үшін» төсбелігісін табыс етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/966437?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау