«Мерейлі ұстаз» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде «Мерейлі ұстаз» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға қатысушы педагогтерге аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Құрманғалиева сәттілік тілеп, байқаудың мақсат –міндеттері және шарттарымен таныстырып өтті.
Байқаудың мақсаты – пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілік деңгейін жетілдіру және әдістемелік сүйемелдеу. Үш кезеңнен тұратын байқауға аудан бойынша білім беру мекемелерінен педагогтар бақ сынады.
Қатысушы мұғалімдер бірінші «Ұстаз шеберханасы» кезеңінде педагогтердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттері бағаланды. Екінші кезеңде «Толық адам» қалыптастырудағы менің үлесім» бөлімінде жоба, авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал, мақала, идеялары, үшінші кезеңде “Ұстаз-ұлт тәрбиешісі” яғни ” Тәрбие-өзіңнен басталады” қағиадатын TEDx форматында қорғады.
Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату, инновациялық тәжірибелерін таратуда байқаудың маңызы зор.
Әділқазылар алқасы педагогтің сөйлеу шеберлігі, шеберхана идеясының өзектілігі, педагогтің шығармашылық жұмыстарындағы құндылықтардың көрініс табуына аса мән берді.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орын Тоғас батыр атындағы орта мектебінің мұғалімі Жагипарова Нургуль Сартаевна иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. ІІ орын Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің мұғалім Чукушева Гулжан Кәдірбекқызы, ІІІ орын Сасан би атындағы орта мектебінің мұғалімі Туғанбаева Анар Бидахметовна марапатталды. Сонымен қатар, басқа да белсене қатысушы педагогтар Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/965749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version