Наурызнама: Жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлттық спорт күні – бұл қазақтың ұлттық ойындарын, дәстүрлерін және спорт түрлерін насихаттайтын арнайы мереке.Мереке қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Атырау қаласы Бұқаралық спортты дамыту клубымен бірге қол күрес, асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру және арқан тарту ойынынан жарыс өткізді. Мақсаты – спорт арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу.
 
Жарысқа 100 спортшыдан құралған әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Мықтылар бақ сынасқан жарыста үздіктердің қатарынан көрінген жас спортшылар алтын, күміс және қола жүлде иегерлері атанды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтарды тарту етті.
 
– Жарыстың басты мақсаты – жастарды спортқа баулу және оларды зиянды әдеттерден қорғау. Ұлттық спорт түрлері жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстануға және жеңіске ұмтылуға көмектеседі. Спортқа деген қызығушылықты арттыру – ең маңызды міндетіміз, – деп атап өтті полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/964231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version