Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандықтары жылы» жариялануы және «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданында орналасқан «KorCem» цемент зауытына барып, жұмысшылармен кездесуде құрылыс қарқыны мен маңызды нысанды пайдалануға беруіне әсер ететін факторларға назар аударды.
Прокуратура тарапынан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында қабылданған шаралардың арқасында 50 млрд теңге тұратын кәсіпорынның уақытында іске қосылуы қамтамасыз етілуде, бұл 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, прокуратураның актісі бойынша инвесторға электр подстанциясын салу үшін қосымша жер учаскесі бөлінді.
Нұрғалым Әбдіров зауыттағы еңбек жағдайларымен танысып, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау мен прокуратураның «Қауіпсіз еңбек» жобасының негізгі аспектілерін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Ауданның ауыл шаруашылығымен айналысатын 2000-нан астам шаруа қожалығы жұмыс істейтінін ескере отырып, прокурорлар жергілікті фермерлермен уәкілетті органдардың кездесулерін ұйымдастырып, еңбек және салық қатынастарының құқықтық аспектілерін түсіндірді.
Сонымен қатар, прокуратура еңбек қатынастарын жеке еңбек келісімшарттарымен рәсімдеудің қажеттілігіне назар аударды, бұл жұмыс беруші мен жұмысшының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Мысалы, осындай келісімшарттың болмауы Қордай ауданы прокуратурасының араласуын талап етіп, нәтижесінде қаза болған жұмысшының отбасына 3 млн теңге өтемақы төленді.
Сондықтан прокуратура еңбек қатынастарын заңдастыруды көздейтін «Қауіпсіз еңбек» жобасын жүзеге асыруда.
Кездесу барысында Қордай ауданының фермерлері мен олардың жұмысшылары арасында 20 жеке еңбек шарты жасалды.
Мұндай кездесулер мен талқылаулар жұмысшы мамандықтарын дамытуға және азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдауда маңызды қадам болды.
Прокуратура бұл бағыттағы жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/966015?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау