Қарағанды облысында еңбек құқықтарын қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің өңірдегі кәсіпорындарда еңбек құқықтары, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік салалаларында заңдылық сақталуы мәселелеріне арналған отырысы өтті.

Медициналық мекемелер мен ішкі істер органдарының деректерін салыстыру барысында өндірісте жарақаттануды жасырудың 106 фактісі анықталды.

Облыс прокуроры уәкілетті органдарға жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттарын белгіледі. Жұмыс орнын аттесттауға ерекше көңіл бөлінді, себебі аттестаттау еңбек жағдайларын жақсартуда маңызды рөл атқарды. Аттестаттаудың нәтижелері бойынша жарақаттану қаупі жоғары жұмыс түрлері, учаскелері,  өндірістік факторлары аса зиянды  технологиялар, құрал-жабдықтар анықталып, оларды жою шаралары әзірленеді.

Мамандандырылған аккредиттелген ұйымдар өндірістік объектілерді аттестаттау бойынша есептерді уақтылы ұсынуы тиіс, алайда, уәкілетті орган тарапынан мониторинг жүргізілмеуі аттестаттау процесіне бақылаудың болмауына соқтырғаны атап өтілді.

Тексеру барысында аккредиттелмеген ұйымдар жасаған есептерді қабылдау фактілері анықталды.

Үйлестіру кеңесінің шешімімен мүдделі органдардың мамандары тартылған жұмыс тобы құрылды. Нақты мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленді.

Еңбек қауіпсіздігі мәселелері бақылауда.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/965475?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version