Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысы: сыртқы талдау нәтижелері және ұсынымдар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен облыстық Қоғамдық кеңестің азаматтарының құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Жанғазы Еркеғалидің басшылығымен отырыс өтті.

Кездесуде “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының, Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және суресурстары Басқармасының, сондай-ақ туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша “Ертіс орманы” резерватына, Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына, сондай-ақ облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.

 

 

 #Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, дереу хабарлаңыз және фото/бейнелерді біздің @antikorkz_bot Telegram-ботына жіберіңіз немесе 1424 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/964330?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version