Қостанай облысындағы бадминтон спортын дамыту бойынша кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы Қазақстан Республикасы Бадминтон Федерациясының Бас хатшысы Бекет Айткалиевичпен және Қостанай облысы Бадминтон федерациясының атқарушы директоры Людмила Николаевнамен кездесті.
           Кездесу барысында өңірдегі бадминтонды дамытудың маңызды мәселелері және осы спорт түрінің Қостанай облысындағы позициясын нығайту үшін одан әрі қадамдар талқыланды. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – 2026 жылдың ақпанында өтетін халықаралық турнирді дайындау және өткізу.
           Кездесуге қатысушылар іс-шараның жастар арасында бадминтонды танымал ету және өңірдің спорттық жетістіктерінің деңгейін арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.Ұлттық және жергілікті деңгейде бадминтон Федерациясын қолдау және өзара серіктестік құруға ерекше назар аударылды. Дулат Советханұлы Қостанай өңірінде спортты дамытуға бағытталған турнирлер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/966162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version