Құрылыс нысандары – қадағалауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков облыстық басқарма басшыларымен, “Шығысэнерготрейд” АҚ және “Семей Су Арнасы” МКК өкілдерімен бірге “Жайлы мектеп” жобасымен Шығыс кентінде салынатын 300 орындық мектептің жер учаскесін қарады.

Аралау барысында мектеп салынатын жердің геологиялық жағдайы, орналасуы, көлік қатынасының қолайлы болуы назарға алынды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Жандос Қайырхановпен бірге Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа қазандықтың құрылыс барысын тексерді.
Жауапты тұлғаларға жұмысты жоспарға сай аяқтау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/965536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version