Қызметте және қоғамдық ортада оң имиджі қалыптасқан тұлға – мемлекеттік қызметші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          

              Қоғамды адам құраса, ал мемлекет – қоғамды қалыптастырып, реттеуші.  Мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына ең алдымен мемлекеттік қызметші септігін тигізеді.

            Мемлекеттік қызметші жұрт алдында, қызметте және қоғамдық ортада оң имиджі қалыптасқан тұлға болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруда үлкен және маңызды рөл атқаратын бес асыл іс – адал, әділ, қарапайым, әдепті және сыпайы болу.

Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы бойдағы жеті қасиетті түзеуді ұлағат еткен: «Ниетіңді түзе — ойыңа айналады, ойыңды түзе — ақылыңа айналады, ақылыңды түзе — сөзіңе айналады, сөзіңді түзе — ісіңе айналады, ісіңді түзе — әдетіңе айналады, әдетіңді түзе — мінезіңе айналады, ал мінез — сенің тағдырың!»

        Мемлекеттік қызметшінің имиджі саналатын осы қасиеттер өн бойынан табылған мемлекеттік қызметші Баян Төлеубердіқызы Сатқанбаеваны атап өткен жөн.

Б.Т.Сатқанбаева еңбек жолын 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында  дәрігер эпидемиолог қызметінде бастаған. 2001 ж.-2003 ж. аралығында Маңғыстау облыстық санэпидстанциясының балалар және жасөспірімдер  гигиенасы бөлімінің меңгерушісі, 2003 жылдың маусым-қараша аралығында Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасында  санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы, 2003ж.-2008ж. аралығында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2008-2012 ж. аралығында Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасында  санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы, 2012ж.-2014ж. аралығында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметінде болды.

2014 жылғы мемлекеттік органдарды реформалаудан кейін Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы қызметін атқарды.

2016 ж. Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы, 2017 жылы Департамент басшысының орынбасары, тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылдан осы күнге дейін Департаменттің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Жұмыс барысында білікті, кәсіби тұрғыда сауатты маман ретінде танылды. Облысымыздың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, бөлім басшысы қызметтерін жоғары кәсіби деңгейде атқарды. 

Еңбек жолында көптеген жас мамандарға өзінің тәжірибиесін кәсіби деңгейде үйретіп келуде. Ұжымда беделі зор, абыройлы мемлекеттік қызметші.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/966543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version