«Бастау» бес күндік XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасына Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент облыстары, қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 2 – 4 сыныптарының 138 оқушысынан тұратын 46 команда қатысты. Павлодар облысын № 7, 25, 39, М. Жүсіп атындағы мектептердің, Павлодар қаласындағы «Детвора» жекеменшік мектебінің 6 оқушысынан тұратын 2 команда таныстырды. Олимпиада Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті, оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізді.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды – «Әу, баста», «Көкпар» – командалық сынақ, «Математикалық байга» – ауызша жеке сынақ – математикалық логикаға, дұрыс қорытынды жасай білу, өз шешімінің негіздемесі және дұрыс жауаптар алу, командада жұмыс істей білу.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жеке есепте ІІІ дәрежелі дипломдармен № 39 мектептің 3-сынып оқушысы Хабылбеков Әли Кахан, 2-сынып оқушысы Путиков Артем, «Детвора» мектебінің 4-сынып оқушысы Мұхамедияров Әбілқайыр марапатталды.
Олимпиададағы ерекше жетістіктері үшін № 25 мектептің 3 сынып оқушысы Шайман Мерғалым грамотамен марапатталды.
Қатысушылар үшін Алматы хайуанаттар бағына танымдық экскурсия, ойын-сауық викторинасы және «Өзіңе сен» психологиялық тренингтері ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/965659?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау