Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандары «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Ақмола бөлімшесінің магистральдық желі» филиалы Атбасар станциясы теміржол вокзалының қызметкерлерімен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында «Туберкулездің алдын алу», «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу» тақырыптарында семинар өткізді.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар аясында теміржол көлігі қызметкерлеріне туберкулездің белгілері, берілу жолдары, сондай-ақ олардың алдын алу шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мамандар жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтаудың және вакцинация жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға метапневмовирус, ЖРВИ және тұмаудың белгілері, таралу жолдары, олардың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу шараларымен танысты. 

Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, жадынамалар мен парақшалар таратылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/966127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version