ШЫМКЕНТ: АПТАДА ЕКІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бір аптада екі бүйрек алмастыру отасын жасады. Кезекті операцияда 1976 жылы туылған әпкесінің бір бүйрегі сіңлісіне салынды. Рецепиент 2 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған.

Сондай-ақ аурухана дәрігерлері 1987 жылы туылған науқасқа қарындасының бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Туыстық трансплантациялар сәтті өтті.
Донорлар мен рецепиенттер палатаға ауыстырылды, жағдайлары жақсы. Оталарды аурухана дәрігерлері – Т.Садыков, Байтеміров, Р. Үмбетжанов, Б. Бауыржан, Д. Қабылов, У. Мұқанова, К Айтуов, Б. Керімкулов жасап шықты.
Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 233 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/965544?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version