«Шын жүректен»
Дәл осындай атаумен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев ауданымыздағы қарапайым еңбек адамдарымен кездесіп, Алғыс айту күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнап, құрмет көрсетті.
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Көктемнің алғашкы белгісіндей болатын осынау мереке қазақ жеріндегі татулық пен бірлікті, молшылық пен Тәуелсіздікті нығайта берсін!
Айтулы мереке қарсаңында Сіздерге алғысымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт тілеймін, – деді.
Кездесуде Әділхан Еркебаев, Зыбайлы Омарқызы, Гүлжан Дүйсенқызы, Ғалымжан Тимурұлы, Есқайыр Қамитұлы, Жоламан Жеңісұлы, Сембай Сәрсенұлы, Шыңғыс Әкімғалиұлы, Мәрия Бартайқызы, Жүсіп Мәуленұлы және Әлия Жанұзаққызы аудан әкімінің алғысына бөленді.
Басқосуда қарапайым жандар еңбек жолдарына тоқталып, елдің дамуы турасында ойларын айтып, қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Кеште Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері әсем әндер шырқады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/964415?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау