Солдатты шығарып салу – олардың ерлігін ұмытпау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімінің сарбаздарын салтанатты түрде шығарып салды. Олар су тасқынына қарсы күресте көмекке келген келді.

Бұл 50 әскери қызметші Қарасу ауданының елді мекендері мен тасқын су арасында сенімді қалқан болды. Олар су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстарды бекітіп, аулаларды қардан тазалады, құм салынған қаптарды дайындап, бөгеттер тұрғызды. Сарбаздар талмай еңбек етіп, өз міндеттерін бар жан-тәнімен орындады.

Іс-шара барысында облыс әкімінің атынан оның орынбасары Берік Таңжарықов әскери қызметшілерге олардың еңбегі мен адалдығы үшін ризашылық белгісі ретінде естелік сыйлықтар табыс етті.

Өңірдің ТЖД басшысы Дамир Ермағамбетов олардың тасқынға қарсы іс-шараларға қосқан үлесі баға жетпес екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/966516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version