Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Қазіргі уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы Қазақстанда қоғамдық бақылауды күшейтудің маңызды және тиімді құралына айналды.

Еріктілер жол құрылысының мониторингіне, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға белсенді тартылуда.

Осы мақсатта Маңғыстау облысының Антикор волонтерларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде қоғамдық бақылау жүргізу кезінде заңнамаларды сақтау, мінез-құлық стандартын ұстану, мемлекеттік сатып алу порталындағы тиімсіз сатып алуларды анықтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы  немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.

#Заң_мен_Тәртіп     

#ЗАҢменТӘРТІП 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/965396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version