Жетісу облысының Данеш Рақышев атындағы филармониясында Талдықорғандықтардың көптеген өтініштері бойынша “Big band” үрлемелі аспаптар оркестрінің 90-2000 жылғы хит әндер атты концерті өтті!
Филармонияның ең жарқын ұжымдарының бірі – үрлемелі аспаптар оркестрі – біздің облыста толық ұжымды, репертуарға бай, өзіндік даңқты дәстүрі бар ұжым.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Данияр Жақиянов.
Концертте: оркестр танымал Қазақ және шетелдік шығармалар: “Перекресток”, “Жаулап алды махаббат”, “Ханшайым”, “Can take my eyes if you”, “Я люблю тебя”, “Кеш мені”, “Simple the best” және тағы басқа танымал әндерін кавер нұсқада орындады.
Концерт алғашқы дыбыстардан-ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оркестр жарқын, эмоционалды, жақсы презентация және энергиямен шырқалып, мерекелік атмосфераны тудырды.
Бұл концерттің солистері: Бауыржан Кенжебаев, Гүлбану Лахаева, Жігер Арап, Асхат Мадиев, Гүлсім Малисова, Жандос Мусалимов, Ақниет Сейфулла, Ақбота Сабыржанова, Дана Максимова, Римма Ахметова, Алмагүл Батталиева, Дмитрий Мыцык.
Концерттік бағдарлама көрерменді әр түрлілігімен таң қалдырды.
Келесі естен кетпес кештерді жіберіп алмаңыздар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964824?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау