Тараз қаласындағы білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының базасында өткен кездесуге Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер өкілі және дін істері саласының маманы қатысты.

Сонымен қатар, Тараз қалалық білім бөлімінің басшылығы мен бөлімге қарасты мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.

Кездесу барысында білім саласына жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған кездесетін жемқорлық тәуекелдері мен заңсыздықтар туралы айтылып, қатысушыларға заңнама талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version