А.ж. 27 наурызда Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мемлекеттік тілге оқытудың тілдік-туристік-мәдени бағытындағы «Тіл керуені – 2025» жобасы бойынша қазақ тілі курстары басталды.
Шараның мақсаты – тіл-мәдениет-туризм сызбасы бойынша тілдік ортаға ену үшін кешенді тәсіл негізінде шынайы тілдік ортаға жағдай туғызу және меңгеру тілінде қарым-қатынастың ситуациялық үрдісін жасау.
«Тіл керуені» жобасы бойынша қазақ тілін оқыту курстарында тыңдаушылар мемлекеттік тілімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды қазіргі заманға сай ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары арқылы үйренеді. Тыңдаушыларды тілдік ортаға бейімдей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тарихын зерттеу арқылы тілдік ортаға енулеріне жағдай жасалады. Сонымен қатар курс барысында қатысушылар жергілікті тарихи-мәдени орталықтарға, музейлер мен туристік орындардарға бару жоспарланған.
Аталған жобаға Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің өкілдері мен № 5512 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-archive/press/news/details/965075?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау