2025 жылғы 15 наурыздан 31 мамырға дейін өткізілетін «Таза су айдындары» республикалық акциясы шеңберінде Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасының 3-ші учаскесінде тазарту жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Түркістан облысы бойынша балық инспекция бөлімінің қызметкерлері және Шардара су қоймасының 3-ші учаскесінің су қорықшыларымен, балықшылары бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға 20 адам қатысып, 2 втокөлік тіркемесімен басқада техникалар жұмылдырылды. Акция барысында жалпы ұзындығы 800 кг-ға жуық түрлі қоқыстар және жарамсыз ау құралдары 2 дана 50 метрден жиналып, шығарылды.
Акцияның мақсаты су айдындарын тастанды аулардан тазарту және өңірдегі су объектілерінің жағдайын жақсарту болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/965769?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау