2025 жылдың 20-26 наурыз аралығында Түркістан қаласында волейболдан 2012-2013 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өткен болатын.
Аталған жарыста облыстық құрама сапында сынға түскен Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Камила Тютенева 1-орынды қанжығалап қайтты.
Айта кетейік, Камила Тютенева осымен үш дүркін Қазақстан чемпионы атанып отыр.
Жаттықтырушы: Құрманбаев Е.М.
Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары спорттың барлық саласында топ жарып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/964332?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау