2025 жылғы 26 наурызда Бұқар жырау аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген бірлескен отырысы өтті.
Отырыста алдағы сессия күн тәртібіндегі мәселелер мен шешімдерінің жобалары алдын ала қаралды.
“Ауданның атқарушы органдарының аудандағы мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету, тарихи және мәдени мұраларын сақтау, аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмысы туралы” комиссия мүшелеріне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. М. Шаменов баяндады.
Комиссия мүшелерінің сұрақтары мен талқылауларынан кейін баяндама назарға алынды, осы мәселе бойынша сессия шешімінің жобасы мақұлданды.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. С. Құрманғалиев комиссия мүшелеріне ” Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы аудан әкімдігінің 2024 жылғы есебі жөнінде ” өз баяндамасын ұсынды. Негізгі баяндамадан басқа, отырыста кейбір ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері есептері тыңдалды. Талқылаудан және айтылған мәселелерден кейін комиссиялар сессия шешімінің жобасын мақұлдай отырып, баяндаманы назарға алды.
Отырыста қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі бөлімінің бастығы Е. С. Шоқанның “Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде” және ауданның жергілікті полиция қызметінің бастығы М. Ж. Жұмашев “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының жұмысы туралы” есептері тыңдалды.
Комиссиялар Бұқар жырау аудандық мәслихатының 24 сессиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №6 «2025 жылы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сессия шешімінің жобасын мақұлдады.
Комиссия мүшелері, кадрлық өзгерістерге байланысты, жер комиссиясының дербес құрамындағы өзгерістерді, сондай-ақ Мұстафин, Кушоқы кенті, Үштөбе ауылдық округі әкімдері жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың дербес құрамдарын мақұлдады.
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының “Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы ” шешіміне енгізілетін өзгерістер және аудандық мәслихаттың екінші тоқсандағы кезекті сессиясының алдағы күн тәртібі комиссиялардың мақұлдауына ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/965059?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау