Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналған.
Осы орайда Ырғайты ауылдық округі Көктұма ауылында “Ұлыстың ұлы күні наурыз” мейрамы кең көлемде аталып өтілді. Мереке аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және өнерлі ауыл азаматтарың концерттік бағдарламасымен басталып, салт дәстүрімізді дәріптеу мақсатында әр құрылған қазақ үйлерде дастархан жайылып, ұлттық өнер тақырыбында көрініс көрсетілді, ер жігіттер арасында гір тасын көтеру, тоғыз құмалақ, асық ату, қол күресі, қошқар көтеру, арқан тартыс сынды ұлттық ойындармен жалғасын тапты. Мереке соңында мараппаттау рәсімі өтіп, мадақтама, алғыс хаттар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yrgaity/press/news/details/965894?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау