Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай”Наурыз шапағаты” атты мерекелік шара өткізілді. Шараны ауыл әкімі Есжанов Галымжан Сансызбайұлы ашып беріп, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап,өз саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың арнайы алғыс хатымен марапаттады.Ауылымыздың шарасына Аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы қонақ болып,ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап,жылы лебізін білдіріп,мерекелік шараны тамашалады.Ауыл өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, мекемелер арасында “Бастаңғы” ,”Құда түсу”,”Қазан жарыс “,”Сүйіндіру “сынды салт- дәстүрлерінен қойылым көрсетілді.Ерлер арасында гір тасын көтеру,арқан тартыс ойындары ойнатылды.Жеңімпаздар арнайы дипломмен ақшалай сый сияпатпен марапатталды.Мерекелік шараға демеушілік танытқан “Мега Агро” ЖШС директоры Еспанов Манарбек Ұзақұлына алғысымызды білдіреміз.Шараның соңы ауылымыздың шабандоздарының бәйге,көкпар сынды қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.Ат спортына жанашыр жандар 420 000 теңге ақшалай сый сияпат дайындап,доданы топ жарған үздіктерді арнайы диплом мен ақшалай сый-сияпатпен марапаттады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-shamenov/press/news/details/964550?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау