Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Бүгін, ағымдағы жылдың 28 наурызында аудандық мәслихат төрағасы Н.С.Болатовтың төрағалығымен кезектен тыс сессиясы  өтті. Сессия ZOOM режимінде  Instagram  әлеуметтік желіде онлайн  – трансляция  өтті. 

     Сессия жұмысына  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ю.В. Савенко және аудандық мәслихаттың аппарат қызметкерлері қатысты.   

     Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ю.В. Савенко сөз сөйлеп, сессияға қатысушыларды әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етті.  Депутаттардың барлық сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынды.

      Отырыс барысында  шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы және аудандық мәслихат пен әкімдік жанындағы комиссиялар мен консультативтік-кеңесші органның дербес құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

      Сессия қорытындысы  бойынша  тиісті  шешімдер  қабылданды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/964809?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version