Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңесінің IV құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының жетекшісі М.С.Казамбаевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің ұйымдастыру отырысы өтті.
2025 жылдың 31 наурызында Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңесінің IV құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының жетекшісі М.С.Казамбаевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің IV құрамының ұйымдастыру отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына Жезқазған қаласының әкімі Шайжанов Қ.А.,Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Капарова Р.О., және Қоғамдық кеңестің IV құрамының мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің мәртебесін куәландыратын құжаттар тапсырылғаннан кейін Қоғамдық кеңестің төрағасы, тұрақты комиссиялар құрылып, олардың төрағалары сайланды, Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілді.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Сабыржан Асхатұлы Тембаев. сайланды.
Төралқа құрамына Қоғамдық кеңес төрағасы, комиссиялардың төрағалары және мемлекеттік органның өкілі М.К.Келмаганбетова енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/press/news/details/966213?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау