2025 жылғы 28 наурызда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың жиырма алтыншы кезекті сессиясы өтті.
Мәслихат төрағасы Айзада Рахметова «Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы» есеп берді.
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы» сұрақ бойынша ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Қыраубаев пен Булаев қаласының әкімі Азамат Бірімжанов баяндады.
Сонымен қатар «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы» сұрақ қаралды.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады..
Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы Facebook желісі арқылы тікелей көрсетілді:
https://www.facebook.com/raionmzhumabaeva/videos/1460885611555777
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mzh/press/news/details/964418?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау