Жұмыс жоспары талқыланды
Аудан әкімі А. Ксентаев орынбасарлары және бөлім басшыларымен жиын өткізді.
Мереке күндеріндегі демалыстан кейін жұмыс қарқынын күшейту маңызды.
Жер аяғы кеңіп, ауа-райының қолайлылығына байланысты аудан аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.
Сонымен қатар, биылғы жылға жоспарланған жобалардың барысы пысықталып, жұмыс жүргізу кезеңін бақылауға алу мәселесі айтылды.
Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/964903?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау