🌱”Таза Қазақстан” Экологиялық акциясы🌱

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌱Іс – шараның негізгі мақсаты – Ауыл тұрғындары, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

🌱Іс-шараға белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлері мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы – біздің ауылымыздың, еліміздің және табиғатымыздың тазалығы үшін маңызды қадам. Мен, Байнассай ауылының тұрғыны ретінде, осы акцияға қолдау білдіремін және барлық ауыл тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамын. Біздің көшелеріміз, аулаларымыз, саябақтарымыз таза болса, өмір сүру сапасы да артады. Әрқайсымыз экологиялық шараларға белсене қатыссақ, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз. Қоршаған ортамыз – өз қолымызда! Сондықтан табиғатты бірге қорғайық, туған қаламызды көркейтуге бірлесе үлес қосайық!» – деп Байнассай ауылының белсенді тұрғыны – Шнар Мария Витальевна өз пікірін айтып, акцияға қолдау білдірді.

🌱Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Байнассай ауылдық округінде таза бейсенбіліктер мен сенбіліктер жоспарланған. Тарихи-мәдени ескерткіштердің, аллеялардың аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, өзен көлдердің аумағын қоқыстан тазарту, балалар алаңы абаттандыру көзделген.

Көпжасар Ж.Ж.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/968862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version