2025 жылғы 31 наурызда Жақсы ауданы әкімінің орынбасары О. Әбжановтың төрағалығымен прокурордың орынбасары Е. Қ. Танатовтың қатысуымен Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар Комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
«Ерте жүктіліктің алдын алу және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Э. С. Бейсекова, Жақсы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ж. Б. Қажденбеков сөз сөйледі.
«Мәдениет және спорт саласындағы жастарды қолдау жөніндегі жұмыс туралы» ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы З. Т. Байдусенова тыңдалды.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жай-күйі туралы» Жақсы аудандық полиция бөлімінің инспекторы В. Л. Тимофеев айтып берді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілердің ақпараты назарға алынды, тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/967699?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау