Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы сыни тұрғыдан кешіктірілген әлеуметтік маңызы бар объектілерді сүйемелдеуге мониторинг жүргізілуде.
Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау мерзімі көрсетілген проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бүгінгі күні жоспарда құрылысы ұзаққа созылған 18 объектілер анықталған.
Ағымдағы жылдың 29 наурызында Департамент қызметкерлері Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы электрмен жабдықтау желісінің құрылысына баруды жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта аталған объектіде жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Объектіні пайдалануға беру қыркүйек айына жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы ұзаққа созылған объектілеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/966703?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау