Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ақөткел өзекшесінде балық өлуі туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 1 сәуірінде Ырғыз ауданы Нұра селолық округіндегі Ақөткел өзекшесінде балық өлу туралы ақпаратты тексеру мақсатында, Тобол-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты, Ырғыз аудандық акиматы мамандары су айдынына барып, балық өлу дерегін расстады.

Өлген балықтардың (шортан, сазан) жалпы салмағы 70 кг. Сол жерде аудандық акимат тарапынан өлген балықтарды жинау жұмыстары ұйымдастырылды.

Балық және су сынамалары зертханалық тексеру үшін алынды.

 Су айдынының тайыздығын ескере отырып, балық өлімінің себебі қыс мезгілінде су ағыны болмай, оттегінің жетіспеуінен болуы мүмкіндігі алдын ала болжануда.

Балықтың нақты өлу себебі зертханалық тексеру нәтижелерінен соң белгілі болады.

 

Анықтама үшін:

Ақөткел өзекшесі (ұзындығы 10 км) Ырғыз ауданы Нұра селолық округінде, Ақтөбе қаласынан 510 км., Ырғыз селосынан 80 км қашықтықта орналасқан. Балық шаруашылығына маңызы бар су айдындар тізбесіне кірмейді және балық шаруашылығына бекітілмеген. Жақын жерде өндірістік объектілер орналаспаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/967820?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version