Ақтөбеден Қызылордаға, Оралға және Шымкентке тікелей рейстер ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

1 мамырдан бастап «Южное небо» әуекомпаниясы Ақтөбе мен Орал және Ақтөбе мен Қызылорда арасында тұрақты тікелей рейстерді орындай бастайды. Ал Шымкентке ұшақтар 2 мамырдан ұшуын қайта бастайды. Әуе рейстерінің ашылуы жолаушылардың саяхаттауына және іскерлік сапарларға жаңа мүмкіндік.

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы әкімшілігінің мәліментінше, Ақтөбеден-Оралға рейстер аптасына екі рет: сәрсенбі және жексенбі күндері, ал кері бағытта — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады. Билеттер 16 мың теңгеден бастап сатылады.

Ақтөбеден-Қызылордаға рейстер аптасына екі рет: дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал кері бағытта — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Билет құны 26 мың теңгеден басталады.

Scat әуекомпаниясы Ақтөбе-Шымкент-Ақтөбе бағытындағы рейстерді дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндеріне жоспарлаған, ал Flyarystan әуекомпаниясы аталған қалаға 1 маусымнан бастап сәрсенбі және жексенбі күндері рейстерді орындамақ. Билеттер сатылымда, 18 мың теңгеден жоғары. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/968104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version