2025 жылдың 31 наурызында Қызылорда облысы ТЖД аппараттық кеңесінде ҚР ТЖ Министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №162 ж/қ бұйрығынан үзінді оқылып, Қызылорда облысы ТЖД Шиелі ауданы ТЖБ инженері Рахматулла Абай Рахматуллаұлына «азаматтық қорғау лейтенанты» орта басшы құрамның бірінші арнаулы атағы берілді.
Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы Абай Рахматуллаұлына арнаулы атақты салтанатты түрде тапсыра отыра, оған зор денсаулық тіледі. Сонымен бірге қызметте үлгілі тәртібімен және белсенді қызметімен көрінген жас мамандардың бірі ретінде алдағы уақытта да төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда елге абыроймен қызмет етеді деген сенім білдіретінін атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/966856?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау