Қостанайда 25 наурыз бен 2 сәуір аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық біріншілік өтті. Қарағанды өңірінің спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Ал, әлем чемпионы біздің Артем Антропов Қазақстанның үш рекордын орнатты!
– Екеуі жұлқи көтеруден және біреуі қоссайыс сомасынан, – деп нақтылады рекордшының тұрақты жаттықтырушысы Иван Снегуров, – Артем 109 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұрын жұлқи көтеруден бұл топтағы елдегі ең жақсы нәтиже 219 келі болатын. Антропов алдымен 220 келіні, одан кейін 231 келіні көтерді, бұл әлемдік рекордтағыдан бір келіге аз.
Нәтижесінде, қоссайыс сомасынан – жұлқа көтеруден және серпе көтеруден -401 келіні көтеріп, еліміздің ең үздік көрсеткішін жаңартты.
Мұндайда не дейміз – Артем жарайсың, Иван Сергеевич құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз демекпіз!
Алайда, Қарағанды өңірінің қалған мүшелері де Қостанайда үздік нәтиже көрсетті.
«Нәзік» жыныс өкілдері үш алтын медаль жеңіп алды, олар: Балабаюк Дарья (с/д59 келі), Теренюк Олеся (с/д45 келі) және Ковальчук Любовь (с/д 87+).
Ерлердің нәтижелері:
1 орын – Ешімбеков Нұрбол (с/д 55), Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады;
2 орын – Грамачков Никита (с/д 55), Спорт шебері нормативін орындады;
2 орын – Староверкин Кирилл (с/д96 келі);
3 орын – Бабенко Александр (с/д 61 келі);
3 орын-Измайлов Владимир (с/д 109+).
Жарайсыңдар! Бұл балалар – жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің, Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің және облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушілері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/969412?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау