Аудан әкімінің орынбасары бірқатар елді мекендерді аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар аудан орталығынан шалғай орналасқан бірқатар елді мекендерді аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
 
Сапар барысында Тәйімбет Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун және Дауылкөл ауылдық округтерінде болып, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда салынған құрылыс нысандарының сапасын саралады.
 
Сонымен қатар, елді мекендердегі санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының жүргізілуін бағамдап, көктемгі тазалық шараларын сапалы әрі уақтылы орындау жөнінде ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/968259?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version