Аудан әкімі Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімінің «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы ұйымдастырылған жобалары мен ағымдағы жылға жоспарланған жобалары туралы есебін тыңдады.
Ағымдағы жылы ауданда Өнер үйінің құрылысы аяқталып, Қайнар ауылындағы жолдарды ағымдағы жөндеу ұйымдастырылмақ.
Аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы ауданда бірқатар жобалар іске асырылғанын атап өтіп, келер жылға ұсынылатын жобаларды дайындап қарастыруды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/968266?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау