Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Бақай батыр Мықтыбекұлының ұстаған қылышын ұрпақтары музейге табыстау рәсіміне орай «Бабадан қалған мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бақай батыр 18 ғасырда жоңғарларға қарсы соғыста Райымбек батыр жасағының жүзбасы болған. Шара барысында батырдың ұрпағы Қарлығаш Манатқызы қаруды музейге табыстады.
Шараға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/970089?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау