«Балаларға не айту керек?» подкаст жобасы өз жұмысын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Балаларға не айту керек?» жобасының жаңа шығарылымы жарық көрді. Подкастың екінші бөлімі балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жаңа эпизодта өрт қаупі жоғары маусымда, әсіресе шалғайдағы орманды және дала аймақтарында сақтық шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Жазғы өрт қаупі бар кезеңде өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ, өрттің алдын алу ережелерін көрнекі түрде көрсету үшін арнайы бейнероликтер ұсынылды.

Маңызды ақпаратты кең аудиторияға жеткізу мақсатында подкаст WhatsApp мессенджері арқылы ата-аналар мен мұғалімдер чаттарына таратылды. Бұл балалар мен олардың отбасыларына өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы ескертуге мүмкіндік береді.

Жоба өз жұмысын жалғастырып, қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға және балаларды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/969259?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version